Коронавирус — негізінен жануарларға, кейбір жағдайларда адамдарға берілетін вирустар тобы. Әдетте коронавирус салдарынан туындаған ауру жеңіл түрде өтеді.
Ауа арқылы (жөтелген, түшкірген, әңгімелескен кезде)
Шаң-тозаң арқылы (ауадағы шаң бөлшектерімен)
Тұрмыстық жолмен (қол алысу, тұрмыстық заттар арқылы)
Басқа да респираторлық вирустар сияқты коронавирус науқас адам жөтелгенде немесе түшкіргенде пайда болатын тамшылар арқылы таралады.
Сонымен қатар науқас адам кез келген ластанған затты, мысалы есік тұтқасын ұстаған
кезде таралуы мүмкін. Осылайша вирустар адамға ластанған қолдарымен ауызын, мұрнын немесе көздерін ұстаған кезде беріледі.
Көпшілік жағдайда бұл белгілер коронавируспен емес, қарапайым ЖРВИ-мен байланысты болады.
Коронавирус туралы жадынама
PDF
Жүктеу
Дене ыстығының көтерілуі
Жөтел (құрғақ немесе азғантай көлемдегі қақырықпен)
Демігу
Кеуде қуысында қысымның пайда болуы
Бас ауруы
Қан қақыру
Іш өту
Жүрек айнуы, құсу
Белгілері науқаспен байланыста болғаннан кейін 14 күн ішінде білінуі мүмкін. Белгілері көпшілік жағдайда көптеген респираторлық аурулардың белгілеріне ұқсас келеді, көбіне қарапайым тұмауға ұқсайды.
Қоғамдық орындарға бармаңыз: сауда орталықтары, спорттық және бұқаралық шаралар, қоғамдық көліктер.
Қоғамдық орындарда бір реттік медициналық масканы (респиратор) қолданыңыз, оны әрбір 2-3 сағатта ауыстырып отырыңыз.
ЖРВИ белгілері бар (жөтел, түшкіру, мұрыннан су ағу) адамдармен бір орын-жайда болмаңыз және байланыста болмаңыз.
Көшеден келгеннен кейін, бөгде адамдармен байланыста болғаннан кейін қолдарыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.
Жиі қолданатын гаджеттерді, кеңсе техникасын және заттарды зарарсыздандырып отырыңыз.
Мүмкіндігінше қол алысу және құшақтау сияқты әрекеттерді шектеңіз.
Жеке гигиеналық заттарды өзіңіз қолданыңыз (орамал, тіс щеткасы).
Коронавирустық инфекция анықталған елге сапарға баруды жоспарласаңыз:
Шетелге сапарларды жоспарлау кезінде елдегі эпидемиологиялық жағдайды нақтылаңыз
Жануарлар, теңіз өнімдері сатылатын сауда орындарына бармаңыз.
Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдарын қолданыңыз (маскалар).
Тек термикалық өңделген тамақ пен бөтелкеге құйылған суды тұтыныңыз.
Науқастанудың алғашқы белгілері білінген жағдайда жедел медициналық ұйымдарға жүгініңіз, өз өзіңізді емдемеңіз.
Адамдар көп шоғырланған орындарға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолдарыңызды жуыңыз.
Хайуанаттар парктеріне, жануарлар қатысатын мәдени-бұқаралық шараларға бармаңыз.
Қазақстан Республикасының аумағында медициналық көмек алу кезінде медициналық персоналға ҚХР мен коронавирустық инфекция анықталған өзге елдерде болған уақыт пен орын туралы хабарлаңыз.
Егер сіз коронавирус жағдайлары тіркелген елдердің аумағында соңғы бірнеше апта ішінде болған жағдайда 14 күн карантинде болып, жұмысқа, ауруханаға және дүкендерге бармаңыз.
Мұндай режим нақты белгілері анықталмаса да, эпидемиологиялық жағдайы жағымсыз елдерден келген барлық адамдар үшін міндетті болып табылады. Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, ауруханаға барудың қажеті жоқ – дәрігерді
үйге шақырыңыз. Алдын алу шарасы ретінде қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз, антисептикалық заттарды қолданыңыз, науқас адамдармен байланыстарды шектеңіз және өз бетіңізді көп ұстамаңыз.